Мектептегі семинар-диалог

10.02.2026

Бүгін мектепте «Қазақстан Республикасының қазіргі конституциялық моделі. Мемлекет, қоғам және құқықтың арақатынасы» тақырыбында семинар-диалог өтті.     Кездесу барысында педагогикалық ұжымға Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері, оның мемлекет пен қоғамның дамуындағы рөлі, сондай-ақ педагогтардың кәсіби қызметіндегі құқықтық мәдениеттің маңызы түсіндірілді. Семинарға қатысушылар мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін талқылап, өзара пікір алмасты және пайдалы мәліметтер алды.

Семинар сындарлы әрі қызықты жағдайда өтіп, педагогтар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды және ұжымның оң бағасына ие болды.

Просмотров: 821


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст