3 «А» сыныбында кітапханашы «Кітаптың құрылымы. Кітапты кім және қалай жасайды?» атты кітапханалық сабақ өткізді.

18.02.2026

Сабақ барысында оқушылар кітаптың негізгі элементтерімен танысты: мұқабасы, титулдық беті, мазмұны, иллюстрациялары, аннотациясы. Оқушылар кітапты жасау ісінде автордың, суретші-иллюстратордың, редактордың, корректордың және баспагердің қандай маңызды рөл атқаратынын білді.   Балалар түрлі басылымдарды қызығушылықпен қарап, мазмұны арқылы қажетті ақпаратты табуды үйренді. Сабақтың соңында шағын тапсырма орындады: карточкаларды дұрыс ретпен орналастыру қажет болды. Оқушылар берілген тапсырманы оңай орындап, алған білімдерін бекітті.

Сабақ танымдық әрі қызықты өтіп, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға және кітапқа ұқыпты қарауға тәрбиелеуге ықпал етті.

Просмотров: 890


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст