07.04.2026
5 және 6-сынып оқушылары Келлер Дарья мен Жалкен Фатима облыстық пәндік олимпиадада орыс тілі бойынша үздік білімдерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
5-сынып оқушысы Келлер Дарья – ІІ орын, 6-сынып оқушысы Жалкен Фатима да – ІІ орын иеленді. Бұл жетістік – табанды еңбектің, білімге деген құштарлықтың және тыңғылықты дайындықтың нәтижесі. Қыздар мектеп намысын абыроймен қорғап, сауаттылық пен білімділіктің жоғары деңгейін көрсетті. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жалкенова Асия Құрманғожаевнаға ерекше алғыс білдіреміз. Оның кәсібилігі мен оқушыларға деген сенімі осындай жоғары нәтижелерге жетуге септігін тигізді. Олимпиадаға дайындық – мұғалім мен оқушының бірлескен үлкен еңбегі, шыдамдылық пен пәнге терең үңілуді талап етеді. Дарьяны, Фатиманы және Асия Құрманғожаевнаны лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз!