25 мамыр күні мектебімізде «Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары» тақырыбында сынып сағаты өтті.

25.05.2026

Іс-шара барысында оқушылар Конституцияның негізгі құндылықтарын қайталап, заңдарды сақтау, азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің маңыздылығы, сондай-ақ қоғам өміріндегі тәртіп пен жауапкершіліктің рөлі туралы талқылады. Оқушылар пікірталасқа белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салды және заңға құрмет көрсету – мемлекеттің тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі деген қорытындыға келді.       Сынып сағаты оқушылардың құқықтық мәдениетін, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға және Қазақстан Республикасының Конституциясына деген құрметін арттыруға ықпал етті.

 

Просмотров: 426


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст