«Ақмола   облысы   білім       басқармасының Сандықтау  ауданы  бойынша  білім  бөлімі  Балкашин  аулының  №2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №2 села  Балкашино   отдела  образования  по Сандыктаускому  району  управления   образования    Акмолинской   области»

Біз әлеуметтік желілерде

Қазақ тілін қолдану аясын кеңейтуге бағытталған сайттар

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Боданов Аманкелді Нұрланұлы Балкашино ауылындағы № 2 мектептің директоры болып тағайындалды

22.06.2026

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының 4 параграф 64 тармақшасы негізінде «Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің конкурстық комиссиясының 2026 жылғы 15 маусымдағы шешіміне сәйкес «Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Балкашин ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына Боданов Аманкелді Нұрланұлы тағайындалды.

Боданов Аманкелді Нұрланұлы 1993 жылы 30 қазанда Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы қыстағында дүниеге келген. Білімі жоғары, педагогика ғылымдарының магистрі, 2016 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. 2019 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алып, «Педагогика ғылымдарының магистрі» дәрежесі берілді.

Мансап

Еңбек жолын 2016 жылы Астана қаласының №71 мектеп-лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі және ұйымдастырушы ұстаз болып бастады.

2018-2019 жылдары Астана қаласы әкімдігінің «Оқушылар сарайы» МКҚК-де лаборант, 2019-2022 жылдары Қазақстан Репсубликасы Орталық сайлау комиссиясының «Инженерлік-техникалық орталығы» РМК-да Астана қаласы Сарыарқа ауданы аумақтық сайлау комиссиясының төраға орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

2019-2024 жылдары Астана қаласындағы № 67 гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, әдіскер, директордың бейіндік оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. 2024-2025 жылдары Астана қаласының №105 орта мектебінде директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Дулат Бабатайұлы атындағы № 89 мектеп-лицейде директордың бейіндік оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып жұмыс істеді.

Ақпан 2025 жыл – сәуір 2026 жылдары аралығында Астана қаласының Барлыбек Сырттанұлы атындағы № 34 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры болып қызмет атқарды.

2026 жылғы 22 маусымнан бастап Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің бұйрығымен Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Балкашин ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің басшысы болып тағайындалды.

Просмотров: 131


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст