Текст
10.08.2026
«Балкашино ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ жанындағы «Жас спортшылар» мектеп жанындағы спорт алаңы өз жұмысын жалғастыруда. Төртінші күні оқушылар «Бес асық» және «Асық ату» ұлттық ойындары бойынша тәжірибелік жаттығуларға қатысып, өздерінің ептілігі мен мергендігін шыңдады. Барлық қатысушылар белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл күймен ойындарға қатысты. Мұндай іс-шаралар балалардың денсаулығын нығайтып, дене дайындығын жетілдіруге және ұлттық ойындарды дәріптеуге ықпал етеді.



