Мұғалім-бұл үйрететін және бағыттайтын адам. Бұл-тәлімгер, тәрбиеші, жетекші, оқытушы, ментор, гувернер... Мұғалім өзін дос ретінде ұстаса мектепте оқу процесі қызықты әрі оңай болады, мұғалімдер мен балалар бір-бірін жақсы түсінеді, ал мектеп екінші үйге айналады. Мектепте мұғалімдер мен оқушылар арасында спорттық жарыстар өткізу дәстүрге айналды. Мұғалімдер күнін мерекелеу аясында тағы да ересектер мен балалар спорттық эстафетаға жиналды. Кез-келген жарыстағыдай жеңімпаздар мен жеңілгендер де бар, бірақ бұл ең бастысы емес, сол сәтте қалыптасқан көңіл-күй ең бірінші орында! Мектеп педагогтарының командасы жеңімпаз атанды, 2 орынды 8а сынып оқушылары, 3 орынды 8Б сынып оқушылары иеленді. Барлық қатысушылар мақтау қағаздарымен және тәтті сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар-сергектік пен жақсы көңіл-күй алды!