Текст
1992 жылы 18 қазанда Алматыда 1-ші Дүниежүзілік Рухани Келісім Конгресі өтті. Адамзат тарихында алғаш рет барлық діндердің, рухани қоғамдық ұйымдардың өкілдері, руханият мәселелерін толғандыратын белгілі ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері бір үстелге жиналды. Бүгін осы тамаша оқиғаның жиырма жылдығына орай мектепте сынып сағаттары өтті, онда сынып жетекшілері балаларға рухани келісім күні туралы айтып берді, сондай-ақ ұқсас тақырыптағы түрлі бейнероликтерді көрсетті.