23 қарашада біздің мектепте жалпыадамзаттық құндылықтар күні өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты : ең жақсы адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға ықпал ету, бір-біріне құрметпен қарауға, өзіне және басқаларға төзімділікке тәрбиелеу. Осы іс-шара аясында сынып сағаттары өткізілді. 3 "А" сынып оқушылары "Әр жүректегі махаббат"атты сынып сағатын өткізді. Сабақ өте эмоционалды және ынталы өтті, бұл сөзсіз оқушылардың қызығушылығына әсер етті. Балалар өздерінің құндылықтары, әлемдегі барлық нәрсеге деген сүйіспеншілік туралы қызығушылықпен айтып, түрлі тапсырмаларды орындады: топтарда және жеке. Сондай - ақ, "Адами қасиеттерді тәрбиелеудің негізгі принциптері-жалпыадамзаттық құндылықтар"ұранымен ата-аналармен әңгіме ұйымдастырылды. Кіші сынып оқушыларымен "Жүрек қуанышы" атты шығармашылық жұмыстар көрмесі ұйымдастырылды. Осы күнге мектептің барлық оқушылары белсене қатысты.