Текст
Жақында 24 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Румынияда Бухарест қаласында өткен армрестлингтен 42-ші әлем чемпионаты аяқталды. Оған 50 мемлекеттің спортшылары қатысты. Біздің Қазақстан да шетте қалған жоқ. Ел құрамасының құрамына Ақмола облысынан қатысушылар кірді, олардың ішінде мектебіміздің мақтанышы-Диана Тюкова. Ол 50 кг салмақ дәрежесінде жасөспірімдер арасында 2 орынды иеленді. Еңбегі сіңген жаттықтырушылар Ольга Николаевна Ильина мен Дмитрий Николаевич Тюковтың қолдауы мен нұсқауының арқасында Диана қарсыласын сенімді түрде жеңді. Естеріңізге сала кетейік, осы жазда Азия чемпионатында спортшы күміс алды. Дианаға спорт саласында одан әрі жеңістер тілейміз.