Текст
Отан-ең маңызды, ең қымбат және сүйікті сөз. Әр адамның өз Отаны бар. Осы сөзбен біз өз мектебімізді, өз отбасымызды, өз ауылымызды, бүкіл Қазақстан Республикасын түсінеміз.Бүгін 3 "А" оқушылары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына дүние тану сабағын арнады. Балалар Қазақстан туралы бейнероликті қарап, әңгіме жүргізді, мемлекетіміздің рәміздерін еске түсірді, суреттер салды және сабақ соңында викторина өткізді.