Текст
Жыл сайын біздің мектепте "Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы"онкүндігі өткізілді. Онкүндік "Бөбек"республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті С.А. Назарбаеваның туған күніне арналған. Осы онкүндіктің мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту; "Өзін-өзі тану" пәнін танымал ету; Әр түрлі жастағы оқушылар арасында достық пен ұжымшылдық атмосферасын құру; Оқушыларды "Бөбек"республикалық балалар қайырымдылық қоры туралы хабардар ету. 10 ақпан күні мектебімізде "Жүректен жүрекке" қайырымдылық акциясы өткізіліп, аз қамтылған отбасылардан шыққан бастауыш сынып оқушыларына сыйлықтар табыс етілді. Бастауыш сынып мұғалімдері демеушілік көрсетті.