Текст
PISA оқушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық бағдарлама-әлемнің түрлі елдеріндегі 15 жастағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын және білімді практикада қолдана білуін бағалайтын тест. PISA зерттеуі мониторинг болып табылады, ол әр түрлі елдердегі білім беру жүйелеріндегі өзгерістерді анықтауға және салыстыруға және білім беру саласындағы стратегиялық шешімдердің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. 23-24 ақпанда ЖМБ пәндерінің мұғалімдері "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ ПШО ұйымдастыруымен Макинск қаласында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша оқыту курс-семинары өтті.