Масленица-ежелгі мереке, ол кездегі адамдар көктемді қарсы алу және табиғатты ояту рәсімдерін ұйымдастыруды жақсы көрді. Бүгінгі күні бұл мереке қазіргі халық арасында өзінің танымалдылығын жоғалтпады. Құймақ пісіру дәстүрі күннің пайда болуының құрметіне негізделген, ол көктемнің келуімен барлық адамдарға жылулық әкеледі. Дөңгелек сары құймақ-күннің символы. Масленица меркесінде құймақ жеу ол күн тілімін жұтып, оның жылу және мейірімділігіне бөлену деген сөз. Мектептегі Масленица-балаларды славяндардың халықтық дәстүрлерімен таныстырудың, балаларды тәттілермен қуантудың және уақытты өткізудің тамаша тәсілі. 2022 жылдың 3 наурызында біздің мектепте "Масленица"мерекесіне арналған 1-6 сынып оқушылары үшін сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды және өткізілді. Мектептің алдындағы алаңға 9 сынып оқушылары, Зырянова Людмила, Анацкая Александра және Каминский Антон жүргізуші мен әзілкештер шығып, -қысты көңілді шығарып салып және көктем мезгілін қуанышпен карсы алуға шақырды. Жүргізуші Людмила балаларға Масленицаның әр күнінің дәстүрлері туралы айтып берді. Скоморохтар балаларды өздерінің әзілдерімен, мақал-мәтелдерімен қуантты. Мерекеде көңілді және толқу атмосферасы орнады. Ол мейірімді және көңілді болды. Оқушылар мерекелік хоровод жүргізді және іс-шараның соңы Масленица қуыршағын өртеп, қысты шығарып салу болды. Мектеп қабырғасында өткізілген іс-шара көптеген оң нәтиже берді. Мерекеден кейін барлығы бірге құймақ қосылған ыстық шай ішуге кетті.