Текст
3-5 наурыз аралығында Зеренді ауылында 2011-2012 ж. т. оқушылар арасында "Жігер" БЖСМ жүлдесіне шағын футболдан ашық облыстық турнир өтті. Біздің мектептен Балкашино кентінің БЖСМ командасы үшін Дырдиков Владислав, Мырзабаев Мұрат, Межов Денис, Бебешко Григорий ойнады. Турнирге Зеренді, Тайынша қ., Айыртау, Бұланды аудандарының командалары қатысты. 7 команда арасында біздің жас спортшылар лайықты 3 орын алды. Жеңімпаздар мен жаттықтырушы Тамбовцев Дмитрий Юрьевичті құттықтаймыз, алдағы жеңістер мен табыстар тілейміз. Барлық жүлдегерлер грамоталармен және медальдармен марапатталды.