Жер күні.
Халықаралық Жер күні 2009 жылдың 22 сәуірі күні Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 63-інші сессиясында бекітілді. Халықаралық Жер күні 2010 жылдың 22 сәуірінен бастап жыл сайын аталып өтеді. Бас Ассамблеяның 63-інші сессиясының төрағасы Мигель д'Эското Брокманның атап өтуінше, қарарда Халықаралық бұл күннің жария етілуі Жер мен оның экожүйесі адамзатқа өмірді қамтамасыз ететін біздің ортақ үйіміз екенін мойындау, сондай-ақ 1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткен БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі конференциясында қабылданған міндеттемелерді растау болып табылады. Осыған орай бүгін мектебімізде "Жер" күніне әр сыныпта сынып сағаттары өткізілді. Оқушылар тақырыпқа байланысты суреттер салып,ақындардың өлеңдерін оқыды. 1-11-сынып оқушылары мен мұғалімдер экологиялық сағат аясында сенбілікке шықты.