Текст
Достық шаңырағының астында.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі келе жатыр. Біздің елде бұл ең мейірімді және жарқын мерекелердің бірі. Бұл 150-ден астам ұлттар мен ұлыстар тұратын елдегі бейбіт өмір үшін аса қажетті достық, түсіністік және келісім мерекесі. Тәуелсіз Қазақстанда мереке 1996 жылы атап өтіле бастады. 1995 жылғы 18 қазанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1 мамырды Қазақстан халқының бірлігі күні деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды. Бүгін, 25 сәуірде осы мерекеге арналған жоспарланған іс-шаралар аясында 1-11 сыныптар арасында "Достық шаңырағының астында" сынып сағаттары өтті.