Текст
2022.05.25 мектебімізде соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиылыс өтті. Келген қонақтар жас түлектерге өз жылы лебіздерін білдірді Олар: Балкашино ауылдық округінің әкімі Л.Б. Лемешевская және Сандықтау ауданының санитарлық эпидемиологиялық орталығының басшысы Олег Георгиевич Макашев. Олар Сандықтау ауданы әкімінің атынан біздің оқушыларды құттықтады. Жас түлектерге бірінші сынып оқушылары өлең мен шоколад сыйласа,ал бастауыш сыныбының түлектері ән орындады. Дәстүр бойынша салтанатты жиылыс түлектер вальсімен бостандықтың,бейбітшіліктің және мейірімділіктің белгісі ретінде көгершіндерді ұшырумен аяқталды. Мерекелік іс-шарадан соң оқушылар мен ата-аналар сынып сағатына шақырылды.