Текст
Қазақстанда 11 (12) сыныптан кейінгі мемлекеттік қорытынды аттестаттау – жалпы орта білім туралы аттестат алу үшін барлық мектеп оқушылары үшін міндетті болып табылады. 30 мамыр 11 сынып оқушылары орыс тілінен мемлекеттік емтихан тапсырды. Емтихан жаңа форматта өтті: 10 тест тапсырмасынан тұратын тестілеу, қысқаша және толық жауапты қажет ететін эссе мен сұрақтар. Балаларды емтиханды сәтті тапсыруымен құттықтаймыз.