Текст
"Қазақстан Республикасының астана күні" мемлекеттік мерекесі қарсаңында мектепте футбол ойыны өткізілді, оған мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Іс-шара соңында қатысушылар медальдармен және дипломдармен марапатталды. 1994 жылғы 6 шілдеде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі астананы ауыстыру туралы шешім қабылдады. Ресми ауыстыру 1997 жылғы 10 желтоқсанда өтті. Биыл елордамызға 24 жыл толады. Осы уақыт ішінде ол елдің экономикалық және инфрақұрылымдық дамуының локомотивтерінің біріне айналды. Астананы көшіру сан алуан салаларда мультипликативтік маңызы бар оң өзгерістердің тұтас кешенін іске қосты. Құрылыс, мәдениет, инновация, білім, туризм және спортты ерекше атап өткен жөн.