Бүгін ерекше күн. 1-қазан қарттар күніне арналған мереке.Мемлекетімізде қарттарға үлкен мəн беріп,көңіл аударып,жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасауда.Қазақстанның өсіп-өркендеуіне,еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттардың арқасы деп есептеймін.Қарттар-біздің асыл қазынамыз.
Бүгін мектепте қарттар күніне орай бастауыш сынып мұғалімі Анисимова Т.И. 4-сынып оқушыларымен" Сіздердің жандарыңыз əрқашан жас " атты тəрбие сағатын өткізді.
Мақсаты:үлкендерді құрметтеуге,сыйластыққа адамгершілік қасиеттерге тəрбиелеу.
Сынып сағатына əжелерін қонаққа шақырып, өз өнерлерін көрсетті.Бірі əн айтса,бірі өлең оқыды.Əрбір оқушы"Менің əжем" деген тақырыпта шағын шығарма жазды. Əжелері өздерінің балалық шақтарын еске түсіріп,қызықты оқиғаларын айтты.сабақ соңында немерелеріне игі тілектерін білдірді.