Текст
13.07.2022
Полиглот лингвистикалық лагерінде жабайы және үй жануарларын зерттеуге арналған күн өтті. Бұл тақырып балаларға мектепте сабақ кезінде ғана емес, сонымен қатар күнделікті өмірде де сүйікті тақырыптардың бірі болып табылады. Бұл күн балалар жануарлардың аттарын ағылшын тілінде қайталай отырып, олар туралы жаңа бір нәрсе біліп, түрлі тапсырмаларды орындаумен басталды. Осыдан кейін балалар Англиядағы құрдастары жиі ойнайтын ойындармен танысып, оларды өздері ойнады. Лагерь күні көңілді, пайдалы және белсенді өтті.
