Текст
Бүгін 1 қыркүйек күні біздің мектепте Білім күніне арналған жалпы мектептік салтанатты жиын өтті. Білім күні-бұл мектептегі алғашқы қоңыраулар мен толқулар, гүлдер мен ақ бантиктер және дәстүрлі сынып сағаттары. Бұл мектеп табалдырығын алғаш аттағандар үшін көптен күткен күн.Бүгін мектеп 36 бірінші сынып оқушыларына есігін айқара ашты. Сандықтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, майор Уәлиахметов Амангелді Елемесұлы оқушыларды мерекемен құттықтауға келді. Барлық оқушыларға оқуда табыс және жақсы баға тіледі. Салтанатты жиыннан кейін барлық оқушылар "Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық" бірыңғай сынып сағаттарына өтті.