Өмірдегі ең үлкен бақыт - бұл сіздің отбасыңыз. 2013 жылдан бастап қыркүйектің әр екінші жексенбісі Қазақстан Республикасында отбасы күні атап өтіледі. Бұл мерекені құру идеясы 2009 жылы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық ахуал жөніндегі мәселелерді зерттеумен айналысатын еліміздің ұлттық комиссиясы Қазақстанда Отбасы күнін белгілеу және оны жыл сайын 15 мамырда өткізу туралы бастама көтерген кезде айтылды . 2013 жылғы 1 наурызда еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев Қазақстан Республикасының кәсіби және өзге де мерекелерінің тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Осы Жарлықпен елде жаңа мереке – Отбасы күні құрылды және оны атап өту күні анықталды – қыркүйектің әр екінші жексенбісі. Біздің мектепте бұл күні флешмоб билеу дәстүрге айналды.Ата-аналар балаларымен бірге бұл акцияға белсенді қатысты. Баршаңызды отбасы, махаббат және адалдық күнімен құттықтаймыз! Бұл барлығына қол жетімді ең маңызды адами құндылықтар. Сіздің отбасыларыңызда әрқашан құрмет, бақыт, қуаныш, өзара қолдау, рухани жақындық өмір сүрсін, бір-біріңізге жарқын және нәзік сезімдер ешқашан өшпесін. Мереке құтты болсын!