Текст
"Мұрағат және болашақ ұрпақ" балалар жылы жобасын іске асыру шеңберінде 21 қыркүйекте біздің елімізде балаларды Қазақстан тарихы мен өзінің кіші Отанын зерттеуге тарту мақсатында түрлі іс-шаралар өткізіледі. Бүгін 9 сынып оқушылары Сандықтау ауданының мемлекеттік мұрағатына барды. Балаларға мұрағаттық құжаттар: газеттер, журналдар, фотоматериалдар ұсынылды. Мұрағат директоры Г. И. Виноградова оқушыларға өлкеміздің тарихы туралы баяндайтын түрлі құжаттар жинақталған қойманы көрсетті. Бірнеше бала заманауи принтерде жұмыс істеп, қағаз құжаттарды цифрлық форматқа көшірді.