Текст
Кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақстанның Мемлекеттік әлеуметтік-құқықтық саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.Осыған байланысты мектеп белсенділері жоғары сынып оқушылары арасында "Балалық шақты бірге қорғайық" диалог алаңын өткізіп, өз құқықтарын талқылады.Әр бала өз көзқарасын білдіріп, баланың өмір сүру, денсаулықты қорғау және құқықтары, тұрғын үйге, білімге, даралыққа және оны сақтауға, мемлекеттік көмекке құқығы туралы білімдерін бекіте алды.Кездесу соңында балалар мынадай қорытындыға келді, бұрынғыдан да қиын жағдайларға тап болмас үшін заңдарды, құқықтарыңызды білу және заңды білімді адам болу керек.