21 қарашада "№2 жалпы білім беретін мектебі" КММ-де қазақ биі Қазыбек бидің 355 жылдығына арналған сынып сағаттары өткізілді. Қазыбек би-XVII-XVIII ғасырлардағы қазақ халқының үш ұлы биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлы шешен, Елші, Қазақстан тарихындағы басты тұлға. Қазыбек би үшін адамгершілік, шыншылдық мәселелері ең жоғары адами құндылық болып, бірінші орында тұрды. Сынып сағаты аясында "Қазыбек би мұрасындағы парасаттылық қағидаттары"тақырыбында ролик көрсетілді. Әңгімелесу барысында оқушылар өмір, әділеттілік, патриотизм құндылықтары туралы өз пікірлерін білдіріп, көрнекті қоғам қайраткерінің сөздері бүгінгі күнге дейін өзекті болып табылады және өскелең ұрпаққа жолдама ретінде қызмет етуі тиіс деген қорытындыға келді.