Текст
Бүгін көктемнің шуақты жылы күнінде 2 сынып оқушыларымен "Түрлі түсті асықтар" викторинасы өткізілді. Іс-шара Наурыз мерекесіне арналды. Балалар 2 командаға бөлінді.Олар үшін қызықты тапсырмалар дайындалды, сұрақтың күрделілігіне байланысты ұпайлар әзірленді. Викторина өте жоғары деңгейде өтті, ол оқушыларға өздерінің интеллектуалды және танымдық қабілеттерін көрсетуге және дамытуға, эрудиция мен жалпы білім беру көкжиегін кеңейтуге көмектесті.