30 наурызда облыстық "Мамандықтар әлемін ашамыз" форумының аудандық кезеңі өтті. Осы іс-шараның мақсаты: еңбек нарығында, болашақ Қазақстан экономикасында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты табысты таңдау үшін білім алушылардың кәсіптерді зерделеуге шығармашылық көзқарасын жандандыру, білім алушылар мен педагогтарды бірлескен қоғамдық маңызы бар кәсіптік бағдар беру қызметіне тарту.
Форумның міндеттері:
1) өзінің өмір жолын, іздестіру қызметін жобалау жағдайындағы білім алушылардың қызығушылығын жандандыру;
2) кәсіптік өзін-өзі анықтау мәселелерінде жоғары сынып оқушыларының пайдалы қоғамдық-маңызды қызметін қолдау және дамыту;
3) жарқын даралықтарды анықтау және қолдау, дамыту кәсіптік білім алудағы шығармашылық қабілеттерін;
4) болашақ мамандықты таңдауда жасөспірімнің отбасымен, мектеппен, шығармашылық ұжыммен және жұртшылықпен өзара іс-қимылының инновациялық нысандарын дамыту;
5) білім алушылар арасында әртүрлі білім беру ұйымдарымен шығармашылық байланыстар орнату және тәжірибе алмасу үшін жағдайлар жасау.
Форум ZOOM интернет-платформасында қашықтық форматта өтті.
Біздің мектептен Яндиев Исхан мен Зырянова Людмила қатысты.
"Мамандық тұлғасы" бейнесюжеттер байқауында Людмила Зырянова 1 орын алды.
Құттықтаймыз, облыстық турда жеңіс тілейміз.