Әскери-патриоттық жұмыс айлығы аясында Ұлы Жеңіс Күні қарсаңында 8 сынып оқушыларының күшімен ерлік сабағы әзірленіп, өткізілді. Ұлы Отан соғысында барлық республикалардың, барлық ұлттардың өкілдері қатар соғысқан. Олардың ішінде 1 миллион 366 мыңы қазақстандықтар, яғни республиканың 18 жастан 50 жасқа дейінгі ер азаматтары, халықты 70 пайыздан астамы болды. 500 қазақстандық - Кеңес Одағының Батырлары, 100 - ден астамы - Даңқ орденінің толық кавалерлері, төртеуі- екі рет Кеңес Одағының Батырлары болған. Біздің халқымызға жеңіс қымбатқа түсті. 1418 күн мен түн соғыс болды. Бұл қиыншылық, қайғы, ауыр жұмыс жылдары болды. Сонымен бірге - батылдық, Отанға деген жанқиярлық сүйіспеншілік жылдары. Соғыста ерлікпен қаза тапқандарға мектеп оқушылары бір минут үнсіздікпен құрмет көрсетті. Соғыс өтті. Қиындық өтті. Бірақ өткен ауыртпашылық: Адамдар, бұл туралы ешқашан ұмытпайық! – дейді