4 мамырда полиция қызметкерлерінің орта және жоғарғы сынып оқушыларымен жоспарлы әңгімелесуі өтті.Кездесу барысында көтерілген тақырыптар өте өзекті болды: заңдылықты сақтау, бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алу, қоғамдық орындарда және бұқаралық іс-шараларда жүріс-тұрыс ережелері, көшеде және көлікте жүріс-тұрыс ережелері, темекі шегудің, ішімдік ішудің алдын алу және кәмелетке толмағандардың ішімдік ішкені, есірткі қолданғаны, отбасындағы мінез-құлқы үшін жауапкершілігі. Әңгіме өте қызу және балалар тарапынан үлкен қызығушылықпен өтті. Полиция қызметкерлері тек заңдар туралы ғана емес, сонымен бірге жасалған құқық бұзушылықтар үшін қандай салдарлар болатыны туралы мысалдар келтірді. Оқушылар үшін әңгіме тек танымдық қана емес, сонымен қатар өте пайдалы болды.