Текст
Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау-білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында жүргізілетін рәсім.2017 жылдан бастап мектептер комиссияларды іріктеп бағалады. Енді аттестаттауды барлық ұйымдар бес жылда бір рет өткізетін болады.Бұл ретте негізгі жұмысты мекемелердің өздері жүргізетін болады. Бүгін аттестаттаудың бірінші кезеңі, 4 және 9 сынып оқушыларының білім кесігі өткізілді.Кіші оқушылар екі пән бойынша, үлкендері үш пән бойынша тест тапсырды. Мемлекеттік аттестаттау білім беру қызметтерінің сапасын жақсартады және ұйымдарды одан әрі өсуге ынталандырады.