Жазғы демалыс кезінде көптеген ата-аналар баланың демалысын қалай толыққанды және есте қаларлық ету туралы ойлайды. Бүгінгі күні балаға қызықты демалыс берудің көптеген мүмкіндіктері бар, мысалы, оны жазғы балалар лагеріне жіберу.Жаңа жерде бала айналасындағы әлем туралы көбірек білуге мүмкіндік алады. Жазғы балалар лагерлері, әдетте, оның күнделікті тұратын жерінен ерекшеленетін жерлерде орналасқан. Мысалы, лагерь орман аумағында, тауларда, жағалауда және т. б. орналасуы мүмкін. Мұндай саяхат балаға жаңа аймақтың флорасы мен фаунасымен жақынырақ танысуға, жаңа жерлерге барудан көптеген жағымды әсер алуға көмектеседі.Жазғы балалар лагері баланың қарым-қатынас дағдыларын дамытуға көмектеседі. Щучинск қаласындағы лагерьге біздің мектептен балалар барды. Жаңа таныстар, достар, қызықты ойын-сауық, экскурсиялар, ойындар ,от жағу әндері осының бәрі балалардың сапары туралы ең жарқын естелік болып қала береді.