Бүгінгі таңда жасөспірімдер ортасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар мәселесі қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Қылмыстың көбеюі, жүргізуші куәлігінсіз мото және автокөлік құралдарын жүргізу, сондай-ақ 23.00-ден кейін ересектерсіз көшеде болу сияқты асоциалды құбылыстармен күресу мәселесі ерекше өткір тұр. Сандықтау ауданы ПБ ОМПС УПИ полиция майоры Рахимов Асылхан Сейтейполұлы және полиция лейтенанты Оскаров Ержан Мерекеұлы балаларды оқу жылының басталуымен және Білім күнімен құттықтады , сондай-ақ оқушылар мен ата-аналарға балаларды бақылауды күшейту қажеттілігі, олардың тарапынан құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеу туралы ескертті. Құрметті балалар, оқу жылдарында жасалған бір асығыс әрекет жазаға әкелуі мүмкін және сіздің өмірбаяныңызға дақ қалдыруы мүмкін.