Бүгіннен бастап «Төрт тоқсан – төрт өнер» жобасын жүзеге асыру аясында «Ақындар айтысы» байқауына дайындық басталды. Айтыс ақындарының басты мақсаты – қазақ халқының ұлттық құндылығы, баға жетпес мәдени мұрасы ретіндегі айтысты шешендік өнер арқылы жан-жақты насихаттау, ұлттық рух пен отансүйгіштікке, өз халқына, салт-дәстүріне деген құрмет сезімін ояту, дарынды жастардың шығармашылық қабілеттерін анықтау. Айтыс – қазақ халқының ұлттық бай мұраларының бірі, суырып салма ақындар мүшәйрасы. Айтыс – халық мейрамдары мен жәрмеңкелерде домбыраның сүйемелдеуімен топ алдында орындалатын ақын-жыраулардың жыр жарысы. Мәдениет негіздерін қалыптастыру арқылы оқушылардың музыкалық-эстетикалық мәдениетін тәрбиелеу – шығармашылық тұлғаны дамыту барысында ақындық және шешендік өнерлерінің жүзеге асыруға мүмкіндік беретін маңызды міндет.