Абай шығармаларын оқи отырып, реалистік образдардың күші мен әсерлілігі, жан-жақтылығы мен идеялық мазмұны, тақырыптық алуандығы жағынан Абай шығармашылығы қазақ халқының өмірінің нағыз энциклопедиясы екендігіне көз жеткізесіз. Қуып жеткен елдердегі топтастырудың маңызды факторы – рухани көшбасшылар факторы, Қазақстан азаматтарын біріктіретін ұлттық идеал үлгілері. Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, философы Абай Құнанбаев мектебіміздің оқушылары үшін осындай рухани көшбасшы, Қазақстан халқын біріктіретін ұлттық үлгі-идеал қызметін атқаруда. «Толық адам» ілімі Абайдың өз дәуіріндегі ой-пікірін терең ашып қана қоймайды, сонымен қатар қазіргі заман мәселелеріне жаңаша көзқарастағы философиялық ілімді де көрсетеді. Бұл туралы 10-сынып оқушыларымен әңгіме қызықты өтті. Даланың кемеңгер перзенті Абайдың есімі бүгінде әлемге әйгілі. Оның өлеңдері мен жырлары, философиялық көзқарастары, сөздері мен ойлары адамдықпен, махаббатпен, тереңдікпен адам жүрегінде ұялайды.