Дебат – нақты құрылымдалған және арнайы ұйымдастырылған қоғамдық пікір алмасу, екі жақтың өзекті тақырыптар бойынша пікір таластыруы. Қоғамдық пікірталастың бұл түрі пікірсайысшылардың бір-біріне емес, үшінші тарапты өздерінің дұрыс екеніне сендіруін қамтамасыз етуге бағытталған. Арнайы таңдалған төрешілер немесе бейтарап аудитория таңдалған критерийлер бойынша командалардың өнерін бағалайды және жеңімпазды жариялайды. «Дебат» аяқталғаннан кейін барлық қатысушылардың іс-әрекетіне рефлексиялық талдау жасалады. Командалардың «Дебатқа» дайындығы, олардың дәлелдерді келтіру және қарсыластардың сұрақтарына жауап беру әдістері, сондай-ақ белсенділіктің басқа элементтері талданады. Бүгін, Қазақстандағы «Еңбек күнін» мерекелеу қарсаңында мектебімізде «Менің жетістігім – менің жемісім» тақырыбында пікірталас өтті, онда әр ұжымның спикерлері өз пікірлерін шынайы ынтамен дәлелдеп, қарсыластардың пікірін шеберлікпен жоққа шығарды.