Қауіпсіздік біздің басты міндетіміз екенін бәріміз білеміз. Өрт қауіпсіздігі біздің өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылады және біз сіздермен мүмкін болатын төтенше жағдайларға дайын болуға көмектесетін маңызды ақпарат пен дағдыларды бөліскіміз келеді. 2023.09.27 мектеп оқушыларының Сандықтау аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Сұлтанов Асхат Асқарұлы және Жайылған Олжас Нұрлыбекұлымен кездесуі өтті. Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Көкшетау қаласындағы Төтенше жағдайлар академиясына түсу бойынша жоғары сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізіп, мүмкіндіктер мен перспективалар туралы әңгімеледі. Кездесуде мектеп оқушылары өрт қауіпсіздігі ережелері, өрттің алдын алу және өрт кезінде дұрыс әрекет ету туралы білді. Олар бұл ақпаратты достарымен және отбасымен бөліседі. Өрт қауіпсіздігі – біздің әрқайсымыздың жауапкершілігіміз және біздің көмегімізбен мектебіміз бен үйімізді қауіпсіз ете аламыз. Сондай-ақ өрт сөндіру бойынша тәжірибелік сабақтар өткізілді. Біз бірге өрт қауіпсіздігін жақсарта аламыз.!