Текст
Қазан айының басында – Қарттар күнін атап өту жақсы дәстүрге айналған. Бұл күн лайықты, дара, құрметті, табанды және төзімді адамдарға арналған. Қарттар күні – таза да жарқын мереке, ата-әжелеріміздің мерекесі. Бұл мереке қоғамды ғана емес, жақын маңда қамқорлық пен ілтипатты қажет ететін адамдардың бар екенін еске салады. Бұл күні өткізілетін мерекелік іс-шаралар егде жастағы адамдарға рухани демалуға, араласуға және жалғыздықты жеңуге мүмкіндік береді. 29 қыркүйек күні мектебімізде Қарттар күніне арналған мерекелік концерт өтті. Шығармашыл балалардың өнері көрермендерге ұнады. Мерекелік концерттің атмосферасы ешкімді бей-жай қалдырмады. Барлығы көптеген жағымды эмоциялар алды, проблемаларды ұмытып, жанын тыныштандырды.