Тарихымыз бен мәдениетіміздің қос діңгегі Шәкәрім Құдайбердиев пен Абай Құнанбаев бір шаңырақтан шыққан. Оның үстіне Шәкәрім Абайдың туған жиені. Бірақ Абай мен Шәкәрім бір әулеттен ғана емес: екеуі де рухани, талантты, халқына бірдей сүйіспеншілік пен қамқорлық танытқан, шығармашылық пен өмірге көзқарастары ұқсас болған. “Балкашино ауылы №2 жалпы білім беретін мектебінде» Шәкәрім Құдайбердиевтің 165 жылдығына арналған «Шәкәрім мұрасы» атты сынып сағаттары өтті. Сынып жетекшілері қазақтың ақыны, тарихшысы, аудармашысы, саяхатшысының өмірбаяны мен шығармашылығына тоқталды. Оқушылар Шәкәрім Құдайбердиевтің лирикасы мен философиялық толғаулары бүкіл қазақ халқының бай рухани мұрасы екенін білді. Ұлы ойшылдың сан алуан аңыз-әңгімелерінен, афоризмдерінен, жұмбақтарынан талай даналық ойлар түйіп алуға болады.