5-7 қараша аралығында Көкшетау қаласында Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының 8-11 сынып оқушылары арасында облыстық кезеңі өтті. Бұл байқаудың маңызды мақсаты: оқушылардың ғылыми-білім беру қызметін ынталандыру, дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау, сонымен қатар Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыру.Біздің мектептен 3 оқушы қатысты: Татьяна Есина, Елизавета Онищенко, Анастасия Мамыр. Осы іс-шараның басты жетістіктерінің бірі 9-сынып оқушысы Елизавета Онищенкоға, жетекшісі Жалкенова Асия Құрманғожақызына 1-орынға дипломмен, 9-сынып оқушысы Татьяна Есинаға, ғылыми жетекші Покамина Ольга Геннадьевнаға 3-орынға дипломдар табыс етілді. Қыздар лингвистика және биология пәндері бойынша тамаша дайындықтарын көрсетті.Алда оқушыларды байқаудың республикалық кезеңі күтіп тұр. Жеңімпаздар мен олардың жетекшілерін ғылыми байқаудағы тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз.Олардың ғылымға деген адалдығы мен жаңа жаңалықтарға ұмтылуы Қазақстан Республикасындағы білім мен ғылымның дамуының маңызды факторы болып табылады.