2023 жылдың 8 мен 20 қарашасы аралығында мектебімізде «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқанын өткізу бойынша іс-шаралар жоспарлануда.
Мақсаты:
1. Қоғамның назарын балаларға қатыгездік пен қараусыз қалдыру мәселесіне аудару;
2. Қоғамда балаға зорлық-зомбылық көрсетуге төзімсіз көзқарасқа деген сенімнің қалыптасуы;
3. Балаларды зорлық-зомбылықтың барлық түрінен құқықтық қорғау деңгейін арттыру.
Міндеті:
1) балалардың құқықтары туралы қоғамның хабардар болуын арттыру;
2) ата-аналарды, мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдарды балалардың құқықтарын қорғау мен қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметке тарту;
3) балалар мен жастарды оларға бағытталған бағдарламалар мен саясаттарды әзірлеуге және іске асыруға тарту.
Бүгін мектебімізде Республикалық Акцияның басталуы туралы ақпарат сағаты болып, мектебіміздің барлық оқушылары ақпаратпен қамтылды. Өйткені акцияның мақсатты тобы: ата-аналар, балалар мен жастар, мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының өкілдері.