Текст
Балаларға арналған кітап - бұл ақпарат көзі ғана емес, сонымен қатар таңғажайып саяхаттар мен жаңалықтарға толы жаңа әлемге терезе. Кітап білім береді, ой-өрісін, қиялын, сөйлеу қабілетін дамытады, бірақ ең бастысы сезінуге, жанашырлық пен сүюге, жақсы мен жаманды айыра білуге үйретеді. Бастауыш сыныптың онкүндігі өз жұмысын жалғастырып, бүгін балаларда «Кітап күні» өтті. Бірінші сыныптарда балалар ертегілер бойынша білімдерін көрсететін іс-шаралар өткізілді. Күннің соңында әр сынып өздерінің шағын кітаптарын жасап, көрмеге ұсынды.