Текст
15 қарашада Қазақстанда Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні атап өтілуде. 1993 жылы 12 қарашада Президент Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.1993 жылы 15 қарашада ұлттық валюта – теңге айналымға енгізілді.Теңге – сол Ту, Елтаңба және Әнұран ретіндегі мемлекеттілік атрибут. Теңге – егемен Қазақстанның алғашқы ақша белгісі. 1-11 сынып жетекшілері «Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні» тақырыбында аудиториялық сағаттар өткізді. Оқушылар теңгенің қашан пайда болғанын, оның қандай ерекшеліктері барын және адамзаттың дамуында қалай қолданылғанын білді.