Текст
Мектебімізде медбике Май А.С. орта және жоғары буын қыздарымен «Қыздардың жеке гигиенасы», «Қажетсіз жүктіліктің алдын алу», «Жыныстық қатынас» тақырыптарында әңгіме өткізілді. Дұрыс гигиена - бұл әр адам үшін жақсы денсаулық пен күні бойы тамаша көңіл-күйдің кепілі! Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы – денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған гигиеналық ережелердің жиынтығы. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы негіздеріне денені дұрыс ұстау стандарттары, еңбек және демалыс мәселелері, күнделікті тәртіп пен тамақтану жатады. Жеке гигиена ережелерін сақтау қалыпты және салауатты өмір сүрудің шарттарының бірі болып табылады.