Текст
Мектептегі қосымша білім беру әртүрлі үйірмелер немесе секциялардағы сабақтарды қамтитын сыныптан тыс жұмыс ғана емес. Бұл баланың жеке басын қалыптастырудың және пайдалы дағдыларды үздіксіз меңгерудің құралы. Барлық дерлік ата-аналар балаларға арналған секциялар мен үйірмелер қажет екеніне сенімді. Оларға бару – балалардың бос уақытын ұйымдастырудың, олардың интеллектуалдық әлеуетін ашудың және кейінгі өмірге, жалпы дамуына, тәртіптілігін арттыруға пайдалы кейбір дағдыларды меңгерудің дәстүрлі тәсілі. Мектебіміздің оқушылары ұстаздар жүргізетін үйірмелер мен секцияларға қатысып, аудандық, облыстық іс-шараларға қатысып, қосымша тәжірибе мен дағдыларды меңгеруде.