Текст
Мектебіміздің 1-сынып оқушыларының мерекелік іс-шарасы – Әліппемен қоштасу болды. Бұл бірінші сынып оқушыларының өміріндегі үлкен де маңызды оқиға – балалар өздеріне білім әлемінің есігін ашқан алғашқы кітаптарымен қоштасады. Жақында ғана 1 қыркүйекте бұл бүлдіршіндер мектеп табалдырығын аттап, оқушы атанды. Әліппенің көмегімен олар көптеген жаңа және қызықты нәрселерді біліп, оқуды үйренді. Балаларға мерекеге Әліппе және кітапханашы Л.В.Исаева келді. Қыздар мен ұлдар тақпақ оқып, ән айтып, жұмбақтар шешті. Мереке соңында барлық бірінші сынып оқушылары Әліппе кітабын меңгергендерін растайтын сертификат алды!